2022 жылғы 16-шы қазанда Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының баптарына сәйкес, Сүйіндік ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру нәтижесінде Сабиров Данияр Ғалымжанұлы Сүйіндік ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Сабиров Данияр Ғалымжанұлы 1970 жылы 18 желтоқсанда Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары.
2001 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Мақаш ауылдық округінің тұрғыны.
Еңбек жолын 1988 жылы Сүйіндік асыл тұқымды қой кеңшарында жұмысшы болып бастаған, 1991 – 2000 жылдары Сүйіндік ауылында әртүрлі жұмыстар атқарған, 2000 – 2010 жылдары Сүйіндік орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі,
2010 – 2016 жылдары Ш.Тұржанов атындағы негізгі мектебінің директоры,
2016 – 2017 жылдары Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті мемлекеттік мекемесі жанындағы "Атамекен" клубының жетекшісі,
2017 жылдың тамыз айынан бастап Мақаш ауылдық округіндегі Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келді.Отбасылы.
Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы Мурзиев жаңадан тағайындалған округ әкіміне сәттілік тілей отырып, жұмысына жауапкершілікпен қарап,халықпен тығыз жұмыс жасап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосады деген сенімін білдірді.
Сонымен қатар, аудан әкімі осыған дейін Сүйіндік ауылдық округін басқарып, өзінің кезекті мерзімінде абыроймен қызмет еткен әріптесіміз Құлшар Қанат Хамитұлына алғысын білдірді.
- Білікті басшы, тұрғындар арасында беделді ұйымдастырушы ретінде танылып келдіңіз! Алға қарайда ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесіңізді қосады деген сенімдемін.Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық тілеймін,- ,деді.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі