Сүйіндікке жаңа аурухана қажет

(0 Votes)

– Бізде індетпен тіркелгендер жоқ, тынышпыз, - деді Сүйіндік ауруханасының бас дәрігері Ботагөз Айымова аудан әкімі Қайрат Талапұлымен әңгімесінде – Алайда, қаралған дәрі-дәрмек аз.

Осы жағынан көмек болса дейміз. Халық жағдайды түсініп той жасап жатқан жоқ. Аурухана әлі күнге дейін газге қосылмай тұр. Соған қол ұшыңызды берсеңіз.

img_2833

Тағы бір айта кетер жайт ауыр жағдайдағы науқастарды аудан орталығына жібереміз. Жол болса ауыр. Сондықтан қазір Ресей жағы Харабайлығы өткізбей отырғанымен көршілес, 120 шақырым қашықтықта жатқан Сайхын ауылына емдеуге жіберу жөнінде келісімшарт жасалса деген ұсынымыз бар. Өзіңіз көріп тұрсыз, ғимаратымыз ескі, алға қарай бізге жаңа аурухана қажет.

img_2836

Ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын тарту еткен аудан әкімі Қайрат Талапұлы қасына ілескен жауапты тұлғалармен аталған ғимаратты газге қосу жайын талқылады. Бұл ретте аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиевтің, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ аудандық бөлімшесінің шебері Нұрғисын Әбілхайырұлының, «Атырау облысы Су арнасы» КМК аудандық бөлімшесінің директоры Ерлан Аманжанұлының, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетовтің газ тартумен айналысып жүрген мердігер мекеме өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.

img_2838

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521