«Сүйіндік-Асан-Үштаған» ауыз су желісі биыл іске қосылады

(0 Votes)

Азғыр өңіріне сапарында Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев тартылып жатқан 103 шақырымдық «Сүйіндік-Асан-Үштаған» су құбыры желісінің басында болды.

Оның бойында сырғымаларға 60 құдық салынады. Басында үш эксковатор жұмыс жасауда. Бұл құрылыспен айналысып жатқан «Болат Д»ЖШС. Қазір 90 шақырымы біткен, Батырбек ауылына жақындап қалған.

Жоба бойынша келесі жылы аяқталуы тиіс болғанымен, мердігер биыл тәмамдауға ынталы.

img_2818

Жұмыс барысына көңілі толған аудан әкімі Қайрат Талапұлы: – Егер күн салқындағанша бітпесе келесі жылға қалдыру керек. Бітті екен деп көрініп қалу үшін деп оның бойымен су айдаудың қажеті жоқ. Ертең қыста қатып қалса, құбырды бүлдіріп аламыз. Тек ешқандай кемшіліксіз толығымен аяқталса ғана қосу қажет, - деп қасына ілескен оған жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмаларын берді.

img_2823

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521