С.Еңсегенов: «Атырау облысы – республиканың ең бірінші доноры»

(0 Votes)

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жерлесіміз, елжанды азамат Сәрсенбай Еңсегенов ауданымызға іссапармен келіп, Мақаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Сенатор С.Еңсегенов депутаттардың өңірлерге шығу сапарының негізгі мақсаты – Парламент қызметімен таныстырып, елімізде қабылданған Заңдардан халыққа түсінік беру, тұрғындардың толғандырған мәселелерін біліп, қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруге қатысты ұсыныстары болса, оны тыңдап, әрмен қарай жалғастыру екенін ескертті. Бұл бағытта ол ауқымды түсінік жүргізіп, Сенаттың қабылдаған заңдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. – Еліміздің экономикасына негізінен төрт өңір зор үлес қосып келеді. Мысалы. 2020 жылы республикалық бюджетке Алматы қаласы 171 млрд 705 млн теңге, Нұр-Сұлтан қаласы 32 млрд. 854 млн. теңге, көрші Маңғыстау өңірі 8 млрд 213 млн теңге берсе, Атырау облысы 207 млрд 308 млн теңге қаржы аударуы тиіс. Яғни, мұнайлы аймақ республиканың ең бірінші доноры саналады. Мұны мұнайдың ақшасы деп қалмаңыздар, қара алтыннан түскен қаражат тікелей Ұлттық қорға кетеді. Бұл Атырау облысындағы өндіріс орындарынан, кәсіпкерліктен, басқа да салықтардан түсетін қаржы. Қалған 12 өңір орталықтан субвенция алады.

Соңғы кезде өзімнің Үкімет алдына үнемі субвенция алатын облыстардың салық салу базасын кеңейтуді мәселе етіп қойып жүрмін. Олардың қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламалары болулары қажет екендігін айтып келемін. Осы субвенцияға қарап отырған облыстардың әкімдері Үкіметпен бірлесе отырып өздеріндегі салық салу базасын ұлғайту үшін жаңа өндіріс орындарын ашып, кәсіпкерлікті дамытуға жұмыстанбайды. Егер әр өңір өзінің экономикасын көтеру арқылы бюджетке түстені қаржыны арттырса, тиісінше донор облыстар мен қалаларда қалатын қаржының да мөлшері көбейер еді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT