Сәбилер өзге елдің азаматы атануға мәжбүр

(0 Votes)

Іс-сапар «Балқұдық-Харабали» жеңілдетілген өткізу пунктінде, шекара заставасында жалғасын тапты.

М.Досмұхамбетов жауынгерлердің хәл-жайын біліп, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаруына тілектестігін білдірді.

Ауылдық аурухананың іргетасы 1963 жылы қаланған. Округке қарасты 3 елді-мекендегі 2287 адам осы ескі ғимараттан ем алуға мәжбүр. Күрделі жөндеу жұмыстарын көтермейді. Қабырғалары жұқа болғандықтан, күн ызғарында салқындық бой шарпитын кездер де аз емес екен. Ішке су тартылмаған. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы газ қазандығының жетіспейтін тұстары бар екеніне тоқталып, жылу жүйесі үнемі қадағалауда болатынын айтты. Аурухана ғаламтор жүйесіне қосылған.

Аудандық мәслихаттың депутаты Мансұр Қуаншәлиев:

- «Бұл жердегі ең маңызды мәселе - жүкті әйелдерді босандыратын перзентхананың жоқтығы. Яғни жүктіліктің 34 аптасында әйелдер ауданға жіберіледі. Олар үйінен алыс аймақта босануын кем дегенде 2 ай күтуге мәжбүр. Оған көпшілігінің жағдайы алмайды. Ал толғақ басталған кезде баруға жолдың шалғайлығы бөгет. Сол себепті жүкті әйелдердің бірқатары қолхат жазып, Ресейдің Астрахань облысына қарасты Қарабайлы қаласындағы ауруханаға барады. Аурухананың ақылы түрде қызмет етуінен бөлек, сол жерден туу туралы куәлік те рәсімделеді. Былтырғы жылы 9 сәби амалсыздан өзге елдің азаматы атанған еді. Бұл - әрине, қынжытарлық жағдай»,-деді.

uaz

Сондай-ақ, бұл жерге керегі: қолайсыз жолға лайықталған санитарлық көліктер. 2016 жылы пайдалануға берілген «Уаз» көлігінің қазіргі жағдайы көңіл көншітерліктей емес. Облыс әкімі М.Жолдасқалиұлы осы түйткілді мәселелерді шешу жолын шұғыл қарастыруды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Байдувалиев Асхан Мархабайұлына жүктеді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521