Құрылысы бітпеген көпірмен жүрмеген жөн

(0 Votes)

Өткен жылы Шора өзені арқылы аудан орталығы мен Бұзауслан ауылын жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірінің апатты жағдайда тұрғаны сан мәрте айтылып, жаңасының құрылысы басталған еді.

Ол тұрғындар игілігіне жоспарлы 2021 жылы ұсынылу керек болған. Алайда, белгісіз себеппен пайдалануға әлі берілген жоқ. Бұзаусланның азаматы болған соң, көпірді тұрғызу кезінде құрылысшылардың жанына барып, сапасын бақылап қайттым. Сөз жоқ, жұмыстарына ешқандай мін айта алмаймын. Бірақ, сәулеті аяқталмаған жаяу жүргіншілер өткелімен жергілікті халық қатынауын тоқтатпай тұр. Биыл қар қалың түсті. Оның үстіне жер тайғақ. Орталықтан ауылымызға дейін айналмалы жолмен баруға ерінген жастар мен балалар, баспасы түгел орнатылмаған  көпірге өрмелегендей боп мініп-түсіп жүр. Қатер айтып келмейді. Аяқ байқаусызда тайып, не басқа жағдай орын алса, жазатайым жайттар болуы мүмкін. Жаяу жүргіншілер көпірі ресми ашылғанға дейін аталған жайтты қадағалауға жауапты орындар бар ма? Қашан еркін қатынаймыз?

Ауыл тұрғыны

rylysy-bitpegen-most1

Нұрболат Қайырмеденов, Құрманғазы ауылдық округінің бас маманы

Бұзауслан ауылдық округінде орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінің тапсырыс берушісі аудандық құрылыс және сәулет бөлімі. Оның құрылыс жұмыстарына 146 миллион теңге бөлініп, «Декор» ЖШС мердігер мекемесі тұрғызуда. Жоспар бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында қолданысқа берілмек. Бірақ, қазір жүріп жатқан құрылыс толық аяқталмаса да, өткелден өтпек болғандардың саны азаймай тұр. Жаяу жүргіншілер көпірі қауіпті жағдайда тұрғандықтан, сәулеті біткенге дейін сабыр сақтауға шақырамын. Әркім тәртіп сақтауды өзінен бастаған жөн. Барар жолды жақындатамын деп, өміріңізге қауіп төніп жүрмесін!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT