Құрылысшы құрметтелген сәт

(0 Votes)

Бар саналы өмірін туған жерінің көркеюіне, өсіп-өркендеуіне, соның ішінде құрылыс саласының дамуына сүбелі үлесін қосып, ауылдастың алғысына бөленген «ҚР Құрметті құрылысшысы», Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы атақтарының иегері Матыбаев Мәлік Мәйтенұлы мерейлі 70 жасына толды.

Еселі еңбегімен өңірде өзіндік қолтанбасын қалдырған мерейгерді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах қабылдап, құрметін көрсетті. Еңбек жолын ауыл шаруашылығы құрылыс бөлімінде бастап, ауылдың ажарын айшықтауға атсалысқан азаматтың  өнегелі өмір жолын кейінгі буынға кеңінен таныстырып, адами болмысына, қадір-қасиеттеріне тоқталды.

marapat-malik-aa

Мерейгерге ыстық ықыласқа толы Құттықтау хатын табыстап, құрметін білдірді. Көрсетілген ілтипатқа риза болған Мәлік Мәйтенұлы жас мамандарға қай істе де арлы жолдан таймауды, адал болуды өсиеттеді.

marapat-malik-aka

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT