Құрылысшы анаға – құрметті атақ

(0 Votes)

Кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Қайрат Нұртаев ұзақ жылдар құрылыс саласында жемісті еңбек еткен, өңірдің алғашқы жоғары білімді сәулетшісі болған Рәуиля Дошақоваға ауданның құрметті азаматы атағы берілуі құрметіне қабылдауын өткізді.

Аудан басшысы жиналғандар алдында марапат иесінің қысқаша өмір жолымен таныстырды.

–1938 жылдың 22 желтоқсанында Ганюшкин селосында дүниеге келген Рәуиля Қаленқызы 1956 жылы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, Алматы ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түседі. 1959 жылы аталған оқу орнынан «құрылыс технигі» мамандығын игеріп шығып, ауданның құрылыс мекемелерінде қатардағы құрылысшыдан прораб, инженер, архитектор сияқты қызмет сатыларынан өтті. 1968-91 жылдар аралығында партия ұйымының хатшысы, селолық кеңес төрайымы, кәсіподақ ұйымының жетекшісі болды. Жоғары партия және кәсіподақ мектептерінің түлегі. Жеті бала тәрбиелеп өсірген алтын алқалы ана. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. Шаруа қожалығын құрып, кәсіпкерлікпен айналысып келеді, - деп Шортанбай ауылдық округі тұрғындары мен ардагерлер ұйымының ұсынысы негізінде аудандық мәслихаттың шешімімен берілген ауданның құрметті азаматы атағының төсбелгісін құрмет иесінің өңіріне қадады.

img_3024

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев сөз алып, орталықтағы жарты ғасырға жуық көрікті мәдени ошақ болып келген ескі мәдениет үйі осы Рәуиля замандасының басшылығымен, тұрғызылғанын қаперге берді. Ал, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов ірі-ірі нысандарды салуға жетекшілік жасайтын жоғары білімді құрылыс маманы нәзік жандылар арасында сирек кездесетін құбылыс екенін атап өтті.

img_3018

Соңында Рәуиля Қаленқызы аудан басшылығының, халық қалаулыларының осындай мәртебелі құрметті атаққа лайық көріп, ұлығылап жатқанына ризашылығын білдірді. Өткен күндерге аз-кем шегініс жасап, еңбек жолындағы кейбір есте қалған сәттерге тоқталды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521