«Котяевка-Шортанбай» автомобиль жолының 12,5 шақырымын күрделі жөндеу жұмысына 1 млрд. 283 млн.теңге бөлініп, 2019 жылы – 125,0 млн. теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жасталап-Жыланды» автомобиль жолының 10 шақырымын жаңғыртуға 2 млрд. 213 млн. теңге қаралып 2019 жылы – 965,5 млн. теңгенің жаңғырту жұмыстары жасалды. Құрманғазы ауылының ауылішілік автомобиль жолдарының 13,5 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарына 1млрд. 233,0 млн.теңге бөлініп, күні бүгін жұмыстар аяқталып, тапсырылды. Бірлік, Сафон (аяқталу мерзімі-2020 жыл), Приморье, Котяевка (аяқталу мерзімі-2019жыл) ауылдарының кірме және ауылішілік автомобиль жолдарының жалпы құны 2 821,2 млн теңгені құраса, ұзындығы 31 шақырым болатын жұмыстың 1867,1 млн теңгесіне 2019 жылы құрылыс жұмыстары басталып, жалғасуда.
Сонымен қатар аудан көлемінде облыстық маңызы бар 0-29 шақырым Құрманғазы – Приморье – Утера – Котяевка автомобиль жолының қайта жаңғырту жұмысына 4 млрд 303 млн теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2020 жыл. Хиуаз (24,1 млн.), Нұржау (24,3 млн.), Орлы (19,6 млн.) елді мекендеріне кірме және ауылішілік автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарын жасау мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға барлығы – 68 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Ақкөл ауылішілік және кірме автомобиль жолының құрылысына жоспарланған 1 053,0 млн. теңге қаржының 2019 жылы 50,0 млн.теңгесі бөлініп, бұл жұмыс атқарылуда.
«Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылындағы су тазарту қондырғысын реконструкциялауға» 2018-2019 жылдары жоспарланған 690000,0 мың теңгенің (РБ-300000,0 мың теңге, ЖБ-69000,0) 368642,5 мың теңгесі игерілді. Биыл аяқталады. Құрманғазы ауданы Жұмекен ауылындағы Даулеткерей, Көнеу елді мекендеріне ауылішілік су құбырының желісінің құрылысы тәмамдалып, тапсырылды. «Сүйіндік-Асан-Үштаған ауылдарына магистральды су құбыры жүйесінің құрылысына» 2019 жылы 80000,0 мың теңге бөлініп, 50000,0 мың теңгесі игерілді, аяқталу мерзімі – 2021 жыл.«Асан ауылындағы поселкеішілік су құбырының құрылысына» 2019 жылы 44632,0 мың, «Үштаған ауылындағы поселкеішілік су құбырының құрылысына» 44907,0 мың теңге бөлініп, толықтай жұмсалды. Аяқталу мерзімі – 2020 жыл деп жоспарланған. 2019 жылдың қараша айында Ақкөл ауылында ангар типтегі спорт кешенінің құрылысы бітіп, пайдалануға берілген болатын. Сондай-ақ, 2019 жылдың 11 айында 20260 шаршы метр құрайтын 173 жеке тұрғын үй қабылданды, ол тұрғындардың жеке қаржысымен салынған. 2018 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға берудің көлемі 11176 шаршы метрді құраған еді.