Қазақстан Республикасы Төтенше Жағдайлар Министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға арналған жауынгерлік дайындық жоспарына сай қаңтар айының 19-22 күні аралығында, «Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» ғимаратына өрт тактикалық сабағы өкізілді және ақпан айының 08-11 аралығында Ауданыдқ Емхана ғимаратына өрт тактикалық сабағы өткізілуде.
Осы өткізілген практикалық оқу-жаттығу сабағының басты мақсаты, білім беру, емдеу мекемелерінде өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тактикасы мен ұйымдастырудың барлық әдістерін қатардағы және аға басшы құраммен практикалық түрде машықтау және нысан қызметкерлерімен бірлескен іс-қимылдарын пысықтау болып табылады.
Практикалық оқу-жаттығу сабағының тактикалық мәнісі, ғимараттардағы өрт болуы мөмкін деген болжамен асхана бөлмерелі және ауруханалардағы ренген бөлмереінде өрттің пайда болу салдарынан қою түтінен ғимарат ішіндегі қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіру, жарақат алғандарға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету және шартты түрдегі өртті толықтай жою болып табылады.
Шартты түрде болған өртке жеке құрамнан 10 адам және оған 2 негізгі өрт сөндіру автокөлігі жұмылдырылды.
Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері, мекеме басшылығы мен күзет қызметінің үйлесімді әрекетінің арқасында өрт - тактикалық оқу сабақтың алға қойған мақсаты орындалды.
Алға қойылған жауынгерлік міндет өз деңгейінде орындалып шықты. Шартты түрдегі өрт екеніне қарамастан өрт тактикалық сабағы шын мәнісінде өтіп, өртті уақытында ауыздықтаған үшін басшылық тарапынан жақсы деген баға берілді. Өртпен күресушілерге мұндай өрттер тек жаттығуда ғана болсын деген тілектерін білдірді.
А. Конкаев,
Құрманғазы ауданы
№7 ӨСБ бастығы
азаматтық қорғау майоры