Өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бұл үлкен физикалық дайындықты және шыдамдылықты талап ететін мамандықтардын бірі.
Төтенше жағдайларды жою кезінде әр секундтар қымбат екендігі анық, сондықтанда әр өрт сөндіруші алдына қойған тапсырманы жылдам және сапалы орындау үшін жоғарғы физикалық және моральді дайындықта болу керек. Осыған орай, 2019 жылдың 13 қыркүйек күні Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің ауласында кезекші қарауылдары арасында физикалық дайындықтары мен шыдамдылықтары бар мықтыларды анықтау үшін «өрт сөндіру кроссфиті» жарысы өткізілді.
Өрт сөндіру кроссфиті – бұл шыдамдылық пен күшке арналған, негізінде аэробты, гимнастикалық және ауыр атлетика жаттығуларынан тұратын бағдарлама. Облыс және аудан көлемінде бұл жарыстың түрі әрбір жыл сайын өтіп жеке құрам арасында өрт сөндіру кроссфитіне деген қызығушылық өсіп келеді. Аталған жарысқа 4 кезекші қарауылдан әр командада 2 өрт сөндірушіден тұратын 8 команда қатысты, жоғарғы тартысты бәсекеде мықтылар анықталып, нәтижесінде жүлделі 3 орынға №4 қарауыл, 2 орынға №3 қарауыл, 1 орынға №1 қарауыл иеленді. Ең үздік уақыт көрсеткішін көрсеткен бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Н.Жумадияров 3,30,79 секундпен үздік атанды. Жүлделі орындарға ие болған кезекші қарауылдың командалары бағалы сыйлықтар мен дипломмен марапатталды.
А. Шайхиев,
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ (Атырау қаласы)» мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны