Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің жас ұландардықтары арасында "Офлайн күн" акциясы ұйымдастырылды.
Алдымен жас ұландықтар арасында мектептің спорт залында көңілді старт ойыны өтті. Содан кейін оқушылар Құрманғазы аудандық Өрт сөндіу бекеті мен Құрманғазы аграрлы-техникалық колледж базасына саяхатқа барды. Өрт сөндіу бекетінде оқушылар өрт сөндіру құралдары және жалпы жұмыс жасау барысымен танысса, колледж базасында оқытылатын мамандықтар бойынша жұмыс орнымен танысып, виртуалды лабораторияда жұмыс жасап көрді.
Жалпыұлттық, #ReStart жобасы аясында интернетке тәуелділік алдын алу мақсатын көздеген телефонсыз #Офлайнкүн шарасы белсенді түрде жүзеге асырылды.