Сіздің қауіпсіздігіңіз және айналаңыздың қауіпсіз болуы Сізге байланысты. Сақ болыңыз, өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз. Қандай жағдай болса да ақыл-есіңізді жоғалтпаңыз, қауіп деңгейін және өз күшіңізді дұрыс бағалауға тырысыңыз. Жағдайды кәсіптенген адамға тапсырыңыз.
Адамның хал-жағдайына тек улы тұншықтырғыш газ бен көмірқышқыл газы әсерінің қауіптілігін білу үшін ауада осы заттардың ұлғаю динамикасын қарастырайық. Уланудың белгілері: ауада 0,01% улы тұншықтырғыш газы болса, әлсіз бас ауруы байқалады; 0,05% - бас айналады; 0,1% - талып қалады; 0,2% - комада болады, тез өліп кетеді; 0,5% - лезде өліп кетеді.
Егер көршіңіз қауіпті шылым шегуші болса, қалай әрекет ету керек?
6 ережені есте сақтаңыз:
- Көрші пәтерден түтін иісін сезсеңіз, тез арада өрт сөндірушілерге 101 телефоны арқылы қоңырау шалыңыз және полицияға хабарлаңыз, басқа көршілерді көмекке шақырыңыз, "Жедел жәрдем" шақыртыңыз.
- Егер қоңырауға және есікті қаққанда ешкім жауап бермесе, онда есікті бұзыңыз, бірақ абай болыңыз - таза ауадан жалынның жарқылдауы және таралуы мүмкін.
- Мүмкін болса, зардап шегушіні тауып және оны пәтерден таза ауаға шығарыңыз.
- Төсек жабдықтары жанса немесе тұтанса, оларды тез арада орап ванна бөлмесіне апарып, душтан су құйыңыз.
- Қажет жағдайда зардап шегушіге жүрегіне түзу емес массаж жасаңыз, дәрігер келгенше жасанды тыныс алдыру жасаңыз.
- Есте сақтаңыз: бөтен бәле болмайды, бірлесіп әрекет ету арқылы ғана апаттан құтылуға болады. Мас күйдегі шылым шегушіден басқа да көптеген өрт себептерін болдыратын факторлар бар.
Талғат Сансызбаев,
аудандық Төтенше жағдайлар
бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау майоры