Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз

(0 Votes)

Қазір жаз мезгілі. Күннің ыстығына байланысты өрт шығу қаупі басым. Өрт – тілсіз жау. Оның қай жерде қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Болжау да, дәл айту да мүмкін емес.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Айналаны қызыл жалынға орап материалдық шығын келтіргенше өрт қауіпсіздігінің алдын алған, сақтық шараларына үлкен мұқияттылықпен қараған абзал.

Шөп шабуға, дала жұмыстарына шыққан ауыл шаруашылығы техникаларының меншік түріне қарамастан техникалық жағдайына, ұшқын өшіргіштердің болуына, өртке қарсы талаптардың сақталуына, техникалық тексеріс жүргізіп, қажетті шаралар қабылдау қажет. Ақаулы техникаларды, мысалы, қыздырғанда тұрбасынан ұшқын шығып тұрған тракторларды шөп шабуға немесе басқа жұмысқа пайдаланбас бұрын қауіп тудыратын жағдайды жою керек. Тракторларда өрт сөндіру құралдары киіз, сыпырғы, құм болса артықтық етпейді. Жалпы өрт шығуының алдын алу жалпыға ортақ міндет. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарамай, оның шығуына жол бермейік.

Арман Хайрлиев,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT