АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ПАЛАТАСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫ А.САБИТОВТЫҢ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ З.ЖАҒЫПАРОВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АУДАНДАҒЫ ДӘМХАНА, МЕЙРАМХАНА ЖӘНЕ САУДА ҮЙЛЕРІ ИЕЛЕРІНІҢ, КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БАСЫН ҚОСЫП, НЫСАНДАРДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ САҚТАЛУЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА «ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛЕРДІ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТКІЗІЛДІ.
Онда аудандағы бизнес өкілдеріне өрт қауіпсіздігі саласында нормативті- құқықтық актілер түсіндіріліп, өрт оқиғаларын болдырмау және олардың алдын алу шаралары қаперге берілді. Кәсіпкерлік басшыларына өрт қауіпсіздігі қағидасының талаптарын қатаң сақтау және қызметкерлеріне үйрету керектігі міндеттелді. Адамдар көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін қатаң есте сақтау жөнінде және ғимараттарда апатты шығу жолдарының болуы, электр желілерін, автоматты өрт дабылы жүйелері мен қондырғыларын жарамды күйде ұстау, өрт сөндіру гидранттарының жұмыс қабілеттілігін тексеріп отыру, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы керектігін басты назарда ұстау түсіндірілді.
А.ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,
Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы