Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

(0 Votes)

«Өрт қауіпсіздігі айлығына» байланысты аудан аумағында Төтенше жағдайлар бөлімі, №7 Өрт сөндіру бөлімі, аудандық жергілікті полиция бөлімі, аудан әкімдігі,  «ҚазТрансГазАймақ» КММ қызметкерлері және еріктілермен бірлескен түрде тұрғын үйлердегі өрттерді болдырмау мақсатында рейдтік шаралар өткізілді.

 Рейд барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары ескертіліп, өрттен болатын қайғылы жағдайлар статистикасын және олардың негізгі себептері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен тұрмысы төмен отбасылар мен әлеуметтік бейімделмеген азаматтар тұратын тұрғын үйлерге газ дабылқаққыш құрылғылары (газовый сигнализатор)  қондырылды.  Сонымен қатар, тұрғындарға тұрмыстық газдан болатын өрттің алдын алу бойынша жаднамалар, бетшелер таратылды.                   

 

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT