Ұрпақ болашағы- зорлықсыз қоғам

(0 Votes)

Аудандық аналар кеңесі және отбасын  қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Салауатты сана" республикалық жобасы аясында  "Ұрпақ болашағы- зорлықсыз қоғам"  тақырыбында қауіпсіздік сағаты Бірлік ауылдық округіне қарасты Имашев атындағы жалпы орта мектепте өтті.

Аталған шараға аудандық аналар кеңесі мен ақпараттық  түсіндіру тобының мүшелері, отбасын қолдау орталығы мамандары, Қиғаш, Дыңғызыл   Шортанбай, Көптоғай, Бөкейхан,  Кудряшев, Сафон, Бірлік ауылдық округтері  аналар кеңестерінің төрайымдары,  мектеп психологтары,  жауапты полиция қызметкерлері, аналар қатысты. Қауіпсіздік сағатын  АТТ жетекшісі Зәмзагүл Оңдасынқызы  жүргізіп отырды. Спикерлер Балғаным Хасенова,  Зәмзагул Карсакова, Айдана Рахметоллаева,  Балжан Жұмалиева  әлеуметтік бес кеселге қарсы қоғамда жасалатын жұмыстар туралы түсінік берсе, Имашев атындағы орта мектебінің психологі   Сандуғаш Бақтығалиева  "Бақытты отбасы- бақытты балалық шақ" тақырыбында мазмұнды тренинг өткізді. Кері байланыста қатысушылар  пікірлерімен бөлісті. Спикерлер отбасындағы зорлық- зомбылық, есірткіге  тәуелділік,  ысырапшылдық, вандализмнің алдын алу сынды ауқымды тақырыптарды көтерді. Шараны аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы қорытындылап, республикалық жобаның маңыздылығына тоқталды.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT