Ұрпақ жалғасы – әке ұлағаты

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық аграрлы-техникалық колледжінде «Ұрпақ жалғасы – әке ұлағаты» тақырыбында әкелер мен ұлдар форумы өтті.

Алдымен оқу орнының фойесінде шебер әкелер мен ұлдардың қолөнер көрмесі тамашаланды.Пленарлық отырысқа аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Берік Әнесов модераторлық етіп, спикерлермен таныстырды. Алғашқы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов форум жұмысына сәттілік тілеп, белсенді әкелерді аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Гүлнар Хасанованың алғыс хатымен марапаттады.

keler-forumy2

keler-forumy1

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева «Бала тәрбиесі – басты міндет» тақырыбында баяндама жасап, аудан мектептері жанынан құрылған әкелер кеңесінің жұмысына тоқталды.

keler-forumy3

Аудандық емхананың психологы Айдана Қадырбаева әскерге жарамсыз жастар, өскелең ұрпақтың денсаулығы, отбасындағы әкенің рөлі туралы сөз қозғады. Абай атындағы жалпы орта мектебінің әкелер кеңесінің төрағасы, көпбалалы әке Қайрат Сайфуллин ата-ананың ұрпақ алдындағы міндеті, отбасын сақтап қалу жолдары жөнінде әңгіме өрбітті. Аудандық архивтің директоры Берік Қаменов жас ұрпаққа берілетін патриоттық тәрбиені, әке сөзінің шығу тегін, оның қадір-қасиетін тарихымызбен байланыстырып айтып өтсе, аудандық аграрлы-техникалық колледжінің ІІ курс студенті, студенттік парламент президенті Семсербек Сатылғанов форумның тақырыбына орай өз баяндамасын ұсынды.

Бұдан кейін С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен Дүйсенғали Ғұмаров атындағы халық театрының әртістері дайындаған концерттік бағдарлама мен сахналық қойылым тамашаланды. Соңынан форум қатысушыларына кофе-брейк әзірленді.

keler-forumy4

k

Айнагүл Күнұзаққызы   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT