Құрметті аудан тұрғындары, әлеуметтік желі қолданушылары. Бүгін, 15 ақпан - Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 32 жыл.
Соған орай өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, бүгінгі күні ұрпаққа өнеге болған тәжік-ауған соғысының ардагерлері боздақтар ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойып, сол сұрапыл шақтарды бірге өткізген жауынгер жолдастарын үнсіздікпен еске алып, ерліктеріне тағзым етті. Бүгінгі атаулы күннің алғашқы қадамы осылай басталды.
Сонымен қатар, дәл қазір ауған ардагері Мұфтахов Серік Зейнетоллаұлымен «Ауғанда болған ардагер» атты сыр-сұхбат С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің facebook парақшасында тікелей эфирде өтіп жатырғандығын хабарлаймыз!