Роза Рымбаева Құрманғазының қызын келін етіп алды

(0 Votes)

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов шаңырақ көтеріп жатқанын әлеуметтік желіден хабардар болып жатырмыз.

Әншінің келіні де өнер саласынан алыс емес. Ақерке Бүркітбай есімді әнші қыз, «Асыл» тобының мүшесі. Бұдан бұрын Әли Оқапов сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған еді. Қыз ұзату рәсімі кеше Атырау қаласында өтті.

Негізінде Ақеркенің ата-анасы Құрманғазы ауданы, Хиуаз ауылының тумасы. Әкесі Паһаман Құттымұратов 1966 жылы дүниеге келген. 1987-1991 жылдары Гурьев музыка училищесін домбыра-прима мамандығы бойынша Ә.Камалиденовтың класынан бітірген.

1991-1996 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «халық әні» мамандығы бойынша С.Жанпейісованың класынан тәмамдаған.

1996 жылдан Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка колледжінде «Халық әні» класының ұстазы болып жұмыс жасаған. Бүгінде дүниеден өткен өнер иесі жақсы орындаушы ғана емес, сонымен бірге, дарынды шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз еді.

Жаны жайсаң азаматтың мақпалдай қоңыр үнін, ерекше дауысын әлі күнге көз көрген жерлестері ерекше тебіреніспен еске алады. «Орнында бар оңалар» демекші, әкенің ізін бүгінде лайықты жалғастырып жүрген қызы Ақерке де көпшіліктің қошеметіне бөленуде. Отандық эстраданың жарқыраған жұлдызы. Міне, өмірлік теңін тауып, Халық әртісінің келіні, өнерлі отбасының мүшесі атанып отыр.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT