Құрметті құрманғазылықтар!

(0 Votes)

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға  деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі ұлттар өкілдерінің құтты қонысына айналған қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Бұл күн бүгінгі таңда елімізді мекендеген  түрлі халықтар өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Сонымен қатар, ауданымыздың өсіп-өркендеуі, гүлденіп, дамуы жолында бел шешпей еңбек етіп жүрген барша жерлестерімізге, кешегі індет өршіп тұрғанда халықтың аз қамтылған бөлігіне азық-түлікпен, онлайн оқу құралдарымен тегін көмектесіп, жомарттық танытқан кең пейілді, үлкен жүректі азаматтарымызға, коронавирус инфекциясына қарсы тұрып, адам өмірі үшін күресіп күні-түні еңбек еткен дәрігерлерімізге, биылғы жылы қаңтар айында орын алған оқиғалар кезінде түсіністік танытып, қылмыстық әрекеттерге бармай саналылық пен зиялылық таныта білген жастарымызға да ризашылығымды білдіремін!

Біздің күшіміз бірлікте! Татулығымыз бен бірлігіміз мәңгілік болсын! Еліміз өсіп-өркендей берсін!

Сіздерге ұзақ өмір, мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбастарыңызға амандық тілеймін!

 

М.Мурзиев

Құрманғазы ауданының әкімі.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT