Сіздерді келе жатырған жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен жыл өркенді істерімен есте қалды. Мемлекетіміз бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу мақсатында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы маңызды мәселелерді кезең-кезеңмен шешіп, бәсекелі ортаға бет түзеді. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін. Бұл ынтымағы жарасқан халқымыздың тынымсыз ерен еңбегінің жемісі.
Сондықтан, рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Жыл соңында барша адамзат өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Сондықтан бәріміз ортақ игілікке қызме етіп, ел мәртебесін көтеруде күш-қуатымыз арта берсін демекпін. Жанұяларыңызда жарастық, құт-береке, елімізде өрлеу, іргемізде тыныштық болсын! ҚАДІРМЕНДІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Марат МУРЗИЕВ, аудан әкімі