Сіздерді, жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздікпен құқықтық тәртіпті нығайту үшін, «ЗАҢ КЕРУЕНІ» атты акциясы 2022 жылдың 20 Қазан күні сағат 16:00 де С.Көшекбаев атындағы аудандық мәденмет үйіде өткізу жоспарлануда.
Осыған сәйкес, өздеріңізді толғандырып жүрген немесе шешімін таппай жүрген мәселелеріңіз болса келіп қатысуларыңыз сұралады.
Құқықтық көмек беруге келетін мекемелер: Облыстық прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Облыстық полиция департаменті, Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Облыстық қылмыстық- атқару жүйесі департаменті, Облыстық экология департаменті, Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық білім беру басқармасы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық ішкі саясат басқармасы, Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашық басқармасы, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерi қатысады.