Құрметті Құрманғазы ауданының тұрғындары!

(0 Votes)

Сіздерді Құрманғазы ауданның құрылғанына 90 жыл толуына арналған мерейлі мерекемен құттықтаймын! Қазақстанның батыс қақпасы болып саналатын біздің ауданымыздың тамылжыған табиғаты, Жер Ананы жадыратқан, өңірімізді байлыққа кенелткен Қиғаш пен Шора өзендері өлең-жырға арқау болған құтты мекен.

Оңтүстігінде бекіресін ойнатып, ат жалындай толқындарымен буырқанған айтулы Каспий жатыр. Ауданымызда әлемге аты танымал күй қағаны Құрманғазы, Дина, Бақыт Қарабалина, Әзидолла Есқалиев, Кеңес Одағының Батырлары Александр Афанасьев, Филипп Мазуров, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова, жазушы мен ақындар Әбу Сәрсенбаев, Әнұранымыздың авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденов, Рахымжан Отарбаев сынды біртуарлар дүниеге келіп, еліміздің рухани, мәдени әлемінің қалыптасуына зор үлесін қосып, ел даңқын асқақтатты.

Тәуелсіздік тұсында да аудан тұрғындары Елбасымыздың алға қойған стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруда қажымай еңбек етіп, биік белестерді бағындыруда. Қазіргі таңда Құрманғазы ауданы өркендеу, өсу жолында қарқынды қадаммен дамып келеді. Ауданымыз көркейіп, ауылдарымыздың сәнденіп, тұрғындардың көңіл күйінің көтерілуіне, әлеуметтік және рухани жоғарылауына «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қосқан әрбір партия мүшелерінің зор үлестері бар. Тоқсан жылдық тойымыз құтты болсын! Сіздерге, ұзақ өмір, мықты денсаулық, бақ-береке, ұрпақ қуанышын тілеймін.

«Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521