Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

(0 Votes)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары өзінің қалыптасу жолдарынан өтті. Прокуратураның беделі еселеп өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы артта түсті. Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Ауданымыздағы тұрақтылық пен азаматтардың қалыпты өмір сүруі прокуратура органдарының қызметінің тиімділігіне байланысты. Прокурорлық қадағалау қоғам өмірінің барлығына дерлік маңызды саласын қамтиды, ал тиімді құқық қорғаушылық мақсат пен заң үстемдігі оның қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Прокурорлардың күш-жігері қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтудың, азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең маңызды бағыттарына шоғырландырылған.

Прокуратура қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мемлекет игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

ҚҰРМЕТПЕН ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ӘКІМІ  М.МУРЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT