Енді санаулы күндерден кейін Тышқан жылы табалдырығымыздан аттайды.
Бұл анау-мынау емес ХХІ ғасырдың 20-сыншы жылы және мүшелдік жыл санаудың басы. Соған орай аудан тұрғындарына ақылы құттықтау береміз десеңіздер, оны суреттеріңізбен бірге жариялауға әзірміз. Газеттің биылғы жыл бойынша соңғы нөмірі шыққалы жатыр. Асыққандарыңыз жөн. Келесі он жылдыққа дейін кім бар, кім жоғын бір құдай біледі. Халық та: «Осындай азаматтарымыз бар», деп риза болып қалады ғой.
«Жаңа жылда жарылқа, ескі жылда есірке», дегендей өткен жыл өмірімізде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Басымызға қиындықтар түссе, Жаңа жылда ол қайталанбасын, жақсылықтарымыз жалғасын тапсын. Тышқан жылында еліміз аман, іргеміз тыныш, бірлігіміз берік, ырыс-берекеміз молынан болғай!
Құрметпен Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы