Құрметті еңбек демалысына шығарып салды

(1 Vote)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Мақаш ауылдық округінің әкімі Мұфтахов Болат Зейнетоллаұлының 63-зейнеткерлік жасымен құттықтау рәсімі ұйымдастырылды.

Алғашқы боп сөз алған аудан әкімі Қайрат Нұртаев:

- Ең алдымен баршаңызды жаңа Сиыр жылымен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің бақ-дәулет, ырыс-берекесі артқай. Әлемді әбігерге салған қауіпті індет кезінде де бірлескен түрде бірқатар игі жұмыстар атқарылды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында іскер азамат Болат Зейнетоллаұлының үлесі, әрине зор болды. Ұзақ жылдар қиындығы басым құрылыс саласында табанды еңбек етті. 2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін Мақаш ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарды. Жаңа жыл қарсаңында жеткен зейнеткерлік жасыңыз жақсылығымен келсін. Мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін. Алдағы уақытта да іс-тәжірибеңізбен бөлісіп, бірегей бастамалардан қалыс қалмайтыныңызға сенемін»,-деп арнайы құттықтау хатын табыстап, өмірлік жарының өрге шығуына дәнекер атанған Лида Доскариеваға камзол кигізіп, иығына ақ орамал жапты.

marapat-zejnet-zhas

marapat-zejnet-zhas-1

Тілек кезегін жалғаған «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев мерейтой иесінің жоғары жауапкершілік, шыншылдық, досқа адалдық қасиетіне ерекше тоқталып, Зейнетолла әкесі мен Гүлшырын анасының өнегелі өмір кешкен жандар болғанын құрметпен еске алып өтті. Жүрекжарды сөзін айтып, құттықтау хатын ұсынды. Шараға қатысқан Ақкөл, Кудряшов, Теңіз, Еңбекші ауылдық округі әкімдері қадірлі әріптесіне жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтарын берді. «Мақаш» өндірістік кооперативінің директоры Жеңіс Абулхайров ауылдық округке қарасты мекеме басшылары, кәсіпкерлер атынан құттықтауын арнап, Мақаш ауылдық округі аппаратының бас маманы Тілекші Базарбаева аппарат қызметкерлерінің ыстық ықыласын жеткізді. Шара соңында мерейгер Болат Зейнетоллаұлы барша көрсетілген құрметке алғысын жаудырды.

marapat-zejnet-zhas-2

 Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521