Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – балықшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер өңіріміздің ежелден келе жатқан берекелі кәсібінің бірі - балық өнеркәсібі саласында қажырлы еңбек атқара отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне елеулі үлес қосып келесіздер. Табиғи байлығымызды ел игілігіне жарату мақсатындағы қысы-жазғы су айдынындағы қажырлы еңбектеріңіз осы саланың дамуына, халықтың хал-ахуалының жақсаруына зор септігін тигізіп отыр.
Алдағы уақытта да бар күш-жігерлеріңізбен, еңбек қарқындарыңызбен халық несібесін молайту жолында жаңа биік табыстарға қол жеткізе береді деген сенімім мол.
Адал да абыройды еңбектеріңіз үшін Сіздерге барша аудан тұрғындары атынан зор алғысымды білдіремін. Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, отбасы амандығын, жемісті еңбек тілеймін.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізде табыстан-табысқа жете беріңіздер.
Құрметпен, аудан әкімі М.Мурзиев