Марапаттар табыс етті

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың  кезектен тыс ХХХ сессиясына аудан әкімі Марат Мурзиев, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты.

Өкілді органның сессиясын аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов ашып, күн тәртібімен таныстырды. Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы мәслихаттың  депутаты Ақеділ Зайнеденовке Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасын, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов депутат Ерлан Хисметуллинге облыстық мәслихаттың Алғыс хатын табыстады.

rmetti-azamat-atandy1

Алғашқы болып, аудан әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы Рабиға Қисамеденова ауданның әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы туралы хабарлама жасап, депутат  Есболат Құбашевтің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап қайтарды. Осы жерде айта кетейік, аудан әкімдігіндегі 8 бөлімнің біреуі қысқарып, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі болып, біріктіріліп отыр. Келесі кезекте күн тәртібіне сай аудандық мәслихаттың ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Асылбек Әнестің, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бірәлиевтің сайлау комиссиялары, оның құрамына  қатысты хабарламалары тыңдалды. Аудандық мәслихаттың депутаты Бержан Кенжебаев көтерілген тақырыпқа орай өз ұсынысын ортаға салды.

Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы Жаңа жыл басталғалы өтіп отырған алғашқы сессия екенін айтып, құттықтап:

– Бірлескен жұмысымыз ауданымыздың дамуы үшін нәтижелі болсын! 2021 жылдан бастап елімізде әкімшілік реформалар жүріп жатыр. Өткен жылы мемлекеттік қызметкерлердің 15 пайызы қысқарды. Көптеген мемлекеттік органдар біріктірілді немесе орталықтандырылды. Өзгерістер  облыс әкімінің келісімімен жасалуда,– деп тақырыпқа сай әңгіме қозғап, депутаттардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысын аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов қорытындылады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521