Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, сала ардагерлері

(0 Votes)

​Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - ауыл шаруашылығы күнімен шын жүректен құттықтаймын! ​

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту жолындағы қол жеткен табыстарымызда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Нарықтық қоғамның қиындықтарына мойымай, ата кәсібіміз - ауыл шаруашылығын қайта өрлете отырып, аудан экономикасының дамуына өздеріңіздің зор үлестеріңізді қосып келесіздер.

Ауыл шаруашылығы саласы тамақ өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы шикізаттарын беру арқылы халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, олардың өмір сүру жағдайы мен сапасын реттеп келеді. ​Ұзақ жылдар еселі еңбек етіп келе жатырған Сіздер әлі де алда болып, еліміздегі ауыл шаруашылық саласын өркендетудегі салихалы саясатты ойдағыдай жүзеге асырып, халықтың хал-ахуалының жақсаруына зор үлестеріңізді қоса беретіндеріңізге сеніміміз мол. ​Сіздерге мықты денсаулық, отбасы бақытын, жемісті еңбек тілеймін. Ел болашағының өркендеуі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз әрдайым молшылыққа ұласып, ел қуанар биік белестерден көріне беріңіздер!

 

Құрметпен,  М. Мурзиев аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521