Сіздерді 6 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрылған күнімен құттықтаймын!
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғамдағы заңнамалардың сақталуына тікелей байланысты. Сондықтан халықтың Конститутциялық құқықтарының қатаң сақталуына, олардың еркін қоғамда өмір сүріп, алаңсыз еңбек етулеріне мемлекет атынан кепіл болып отырған прокуратура қызметінің қоғамдағы орны ерекше. Өздерінің кәсіби қызметін адал атқарып, заң мәртебесінің қоғамдағы орнын әрқашан үстем етіп келе жатырған прокуратура қызметкерлерінің еңбектері ұшан теңіз. Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушылары, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқын қорғау, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуына, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, Сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар. Адамдардың заң күшіне деген сенімі, оның нормаларына деген құрметі сіздерге байланысты болады. Сіздердің осы саяси маңызды да күрделі қызметтеріңізді халқыңыз жете түсініп, мадақ тұтатынын аса сеніммен айта аламыз.
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, талмас талап, қажымас күш- қайрат, отбасы бақытын тілеймін.
Құрметпен, аудан әкімі М.Мурзиев