Құрметті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлері!

(0 Votes)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасының Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктелген. Күнделікті қызметтеріңізде адамдармен тығыз қарымқатынаста болып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге атсалысасыздар. Халық көп жағдайда биліктің демократиялылығы мен пәрменділігін сіздердің іс-әрекеттеріңізге қарап бағалайды. Осыған орай, Сіздерді әрқашан жоғары кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген адалдық ерекшелеп тұруы тиіс.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметтеріңізді атқаруда жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспін! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен береке тілеймін!

Құрметпен, аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521