Құрметті аудан тұрғындары!

(0 Votes)

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары. Қыран бүркіттей күш-қуатымызды бейнелеп желбіреген байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымыз бен шаңырағымыздың беріктігін паш етуде. Ал, бабалардың ғасырлар бойғы арманын ұлы болашаққа асқақтата көтерген «Менің Қазақстаным» атты гимніміз әрбір қазақстандықтың жүрегін елжіретіп, бірлік пен татулыққа үндеуде. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

Құрметпен, аудан әкімі М.Мүрзиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT