ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №733 Төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, төтенше жағдай кезінде ауданымызда келесі төмендегі шаралар мен уақытша шектеулер енгізіледі:

5 қаңтар – 19 қаңтар аралығында сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.

Азаматтардың, сонымен қатар көлік құралдарының жүруіне шектеулер қойылады.

Азаматтардың жеке басын анықтайтын құжаттары өзімен бірге болуы және көлік құралдарын тексеру жұмыстары қамтамасыз етіледі.

Атырау облысына кіру және шығу шектеледі. Аудан, ауылдық округ орталығында, бейбіт жиындарды, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, дүкендерде, супермаркет, шағын маркеттерде алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Ресторан, кафелерде, той, садақа басқада шараларды өткізуге тыйым салынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521