Құрметті аудан тұрғындары!

(0 Votes)

Еліміз өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлаған жылды тарих көшіне табыстап, күнтізбедегі кезекті 2022 жыл есік қағып келіп қалды.

Әрбір өткен жыл тарих беттеріне Қазақстанның даму жолындағы жасампаз жаңалықтарымен жазылып келеді. Еліміздің баянды жетістіктері мен толағай табыстарға тек береке мен бірліктің арқасында жететіні баршаға белгілі. Ауданымыздың тұрғындары да егемендігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі тойланған жылды беркелі еңбек көрсеткіштерімен қорытындылап, табалдырықтан атағалы тұрған жаңа жылға жаңа межелер мен биік белестер белгілеп отыр.

Барыс жылында да бағындырар биіктеріміз көп болып, ырысымыз арта берсін. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдімін. Баршаларыңызды Жаңа жыл меркесімен шын жүректен құттықтаймын. Әр шаңырақ молшылыққа, ырыс-берекеге кенеліп, бақыт пен шаттыққа бөленсін!

 

Болат ЖҮГІНІСОВ, аудандық мәслихат хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT