Құрметті аудан тұрғындары!

(0 Votes)

Баршаңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар ширек ғасырда жүзеге асты.

Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Тұңғыш Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

«Елі еріне, ері еліне» сенген Тәуелсіз мемлекетімізбен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, зор денсаулық, отбасы бақытын, биік табыс тілеймін!

Құрметпен, аудан әкімі М.Мурзиев

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT