Құрметті ата-аналар мен қымбатты балалар!

(0 Votes)

Сіздерді 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Шуақты да жайдарлы жаздың алғашқы күні тойланатын бұл мереке күні бала күлкісіне, қуанышына, жақсылығы мен махаббатына толы болады.

Балаларды қорғау күні дегеніміз - бұл барлық ересектерге балалардың аман-саулығы жөніндегі қоғамдық жауапкершілікті ұмытпауды білдіреді.

Біздер балалардың қоғамға қажетті, нағыз патриот болып өсуі үшін барлық жағдайды жасауға міндеттіміз. Өсіп келе жатқан ұрпақ бақытты, ақылды, дені сау және дарынды болуы тиіс.

Қымбатты жас ұрпақ! Балалардың құқығын қорғау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көптеген игі жұмыстар атқарылып жатыр. Сондықтан, алдағы уақытта сабақтарыңызды жақсы оқып, тәлім-тәрбие алып, белгілі мамандық иесі атанып, еліміздің өркендеуіне, дамуына үлес қосатын, елге сыйлы азамат болып өсулеріңіз қажет.

Сіздерге зор денсаулық, таусылмас дария мол бақыт, жақсы демалыс, жаңа жарқын әсерлер мен арман-тілектеріңіздің орындалуын тілеймін.

 

Құрметпен, аудан әкімі М.Мурзиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT