ҚҰРМЕТТІ ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ АРДАГЕРЛЕРІ!

(0 Votes)
Баршаңызды 15 қараша - Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген күнімен орайлас келген Қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сондықтан болар,еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты.
 
Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктіліктеріңіздің арқасында біздің өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде.
 
Алдағы уақытта да осынау биік межеден көріне беретіндіктеріңізге сенімдімін.
 
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!
 
Құрметпен, Құрманғазы ауданы әкімі Марат Мурзиев

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT