Құрметті қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

(0 Votes)

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл ерекше мереке күні біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ауғанстанның, Ауған-Тәжік шекерасының отты жолдарынан өткен ержүрек жауынгерлерге, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміздің алдында тағзым етеміз.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ деген Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.

Құрманғазылықтар бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.

Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды. Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен зор денсаулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін.

Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

 

Құрметпен, аудан әкімі М.Мурзиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521