Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет - елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру.
Бұл - бәріміз үшін жауапты қызмет. Өз халқың үшін қызмет ету - түсіне білгенге зор бақыт. Мемлекеттік қызметші бір саланы қамтитын мамандық емес, ол ел Президентінің саясатын жергілікті жерде жүзеге асырушы, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнатушы, елдің мұң-мұқтажын жеткізуші, яғни мемлекетіміздің бет-бейнесі.
Президентіміз бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сенім артып, тың міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан Сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау.
Кәсіби мереке тұсында Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!
Құрметпен, аудан әкімі Қ.Нұртаев