Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері, сала ардагерлері!

(0 Votes)

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз 21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Мәдениет пен өнер – рухани өміріміздің мәйегі. Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттауда Сіздердің еңбектеріңіз ерекше.

Ауданның мәдени өміріне жаңа өріс, дем беріп, жарқын істердің ұйытқысы болып биіктен көрінулеріңіз - халыққа рухани нәр берудегі, ұлттық өнерді насихаттаудағы талмай еткен еңбектеріңіздің нәтижесі. Сіздердің еңбектеріңіз қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білесіздер, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыздар. Мейрамдар – Сіздер үшін дағдылы жұмыс күндері. Еңбексүйгіштіктеріңіздің және шығармашылықтарыңыздың арқасында өңіріміздің мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді.

Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге деген зор алғысымды білдіремін.

Сіздерді, шын жүректен құттықтай отырып, мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау болып, шығармашылықта үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!

Ел мәдениетін дамыту жолындағы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.

Аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521