Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан Республикасының полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктелген.
Сіздер күнделікті қызметтеріңізде адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге атсалысасыздар. Халық көп жағдайда биліктің демократиялылығы мен пәрменділігін сіздердің іс-әрекеттеріңізге қарап бағалайды. Осыған орай, Сіздерді әрқашан жоғары кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген адалдық ерекшелеп тұруы тиіс. Қазақстандық полициясы өзінің құрылған күнінен бастап қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді.
Осынау ортақ іске Құрманғазы ауданының полиция бөлімінің ұжымы да елеулі үлес қосуда. Біз сіздердің кәсіптеріңіздің қаншалықты қиын, тіпті кей жағдайларда аса қауіпті де екендігін жақсы білеміз. Сондықтан, қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметтеріңізді атқаруда жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспін! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен береке тілеймін!
Құрметпен, аудан әкімі Қ.Нұртаев