Құрметті аудан тұрғындары!

(0 Votes)

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1 Мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақтастықта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің күні.

«Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының негізін құрайтын бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық болған жерде қашанда іс нәтижелі болып, биік жетістіктерге жететініміз белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Бейбітшілік пен тұрақтылық – жалпы халықтық игілік, оны күнбе-күнгі еңбегімізбен нығайтып, қорғауымыз қажет. Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс біртұтас еліміздің ортақ мейрамы. Олай болса, осынау ортақ шапағат пен шаттықтың мерекесі елімізге құт, көңілдерге қуаныш сыйласын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT