Сіздерді егемен еліміздің тәуелсіздігінің кепілі- Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен аудандық мәслихат атынан құттықтаймын!
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата Заңымызға биыл 25 жыл болып отыр. Ата Заңымыз Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттерін айқындап, халқымыздың еркін білдіреді және Қазақстан Республикасын зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде бекіткен негізгі құжат болып табылады. Сондықтан бұл мемлекеттік мерекенің мәртебесі зор деп білеміз. Өркениетті елдердің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстанның әр азаматы Ата Заңды құрметтеу арқылы өзінің Отанына деген ізгі ниетін білдірері сөзсіз.
Бүгінгі мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, нұрлы өмір тілеймін. Әлемді шарлаған індетті шыдамдылықпен жеңіп, егемен еліміздің кемел келешегіне сеніммен қадам басуына еселі еңбегімізбен өз үлесімізді қосайық. Еліміздің еңсесі биік, тұғыры берік, халқымыз аман болсын!
Мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов