Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция - Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі.
Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді.
Конституцияда атап көрсетілген мемлекеттік басқару жүйесі негізгі реформаларды жедел қарқынмен жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі.
Баршаңызды осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін.
Аудан әкімі Қ.Нұртаев