Ардагерлер үйінің кең залында құрлысшылардың кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты шара осылай аталды.
Ең ежелгі мамандық иелерінің еселі еңбектері қашан да ескерілуге лайық. Жылына бір келетін кәсіби мерекелерінде мұндай құрметтің көрсетілуінің орыны, әрине ерекше. Алғашқы құттықтау сөз алған Құрманғазы ауылдық округінің бас маманы Сағындық Мұратов мәртебелі мамандық иелерінің ауданымыздың гүлденіп, өркендеуінде қосып отырған үлесі зор екенін айтып, құрылыс, жол құрылысы саласының ардагерлері Марат Рахметовке, Мұфтолла Танашевке, Сұңғат Зинуллинге, Кәрим Қазимовке аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Дастархан басындағы жылы жүздесу түрінде өткен шарада ардагерлер өткен күндердің естеліктерімен бөлісті. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен, күймен әрлеп, шараның шырайын ашты.
А.НӘЖІМОВ