Құрмет төріндегі ұстаз

(0 Votes)

Алты алаштың баласы бас қосса, төр – ұстаздікі» деп Мағжан ақын айтқандай, Еңбекші ауылында өткен үлкен тәрбиелік мәні бар шарада төр зейнеткерлік жасқа шығып отырған ұлағатты ұстаз Мырзабай Шаяхметовке құрметпен ұсынылды.

«Өмірі өнегелі ұстаз» атты кешті құттықтау сөзімен ашқан Еңбекші ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Жасқайрат Хамзин мерейгердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі мінсіз қызметіне, қоғамдық істердегі белсенділігіне лайықты бағасы беріп, тілек хатын табыстады.

rmet-trindegi-staz3

rmet-trindegi-staz2

Келесі кезекте ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиев, аудандық мәслихат депутаты Бержан Кенжебаев Мырзабай Хабиболлаұлының мұғалімдік қызметте жеткен жетістіктеріне, азаматттық болмыс-бітіміне, адамгершілік қасиеттеріне тоқталып, ескерткіш сыйлығын ұсынды. Сондай-ақ, шарада округ көлеміндегі мекемелер басшылары, ұжымдастары, әріптестері, алғашқы шәкірттері, ағайын-туыстары құрмет иесі жайлы ыстық лебіздерін білдіріп, мерейін тасытты. Осындай ыстық ықыласқа бөленген Мырзабай Хабиболлаұлы толқи сөйлеп, көрсетілген қошеметке ризашылығын білдірді. Ұстаз еңбегін дәріптеген кеште талантты шәкірттері өнерлерін көрсетті.

rmet-trindegi-staz

 

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521