Құрмет төрінде – ұстаз ана

(0 Votes)

Наурыз айында келетін мейрамдардың құрметіне Б.Бегәлиев атындағы орта мектепте аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыруымен «Сыйынар ем, ана деген тәңірге...» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Оған білім беру ісінде, ұрпақ тәрбиесінде елеулі үлесі бар ардагер ұстаз аналар құрметпен шақырылды.

rmet-trinde--staz-ana

Шараны кәсіподақ кеңесінің төрағасы Әуез Ізжанов құттықтау сөзімен ашып, шәкірттерін білім нәрімен сусындатумен қатар дүниеге өз ұрпақтарын әкеліп тәрбиелеген ұстаз аналарға көрсетілер құрметтің де ерекше екеніне тоқталды. Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Тоты Бақтыгереева да еселі еңбек иелерінің иглікті істерін атап өтіп, алғысын айтты. Әр сөйлеушіден соң мектептің өнерлі оқушылары театрландырылған қойылым қойып, ән салып, мың бұрала биледі.

rmet-trinde--staz-ana2

 Кеш барысында Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептерде жемісті еңбек етіп, өнегелі жолдан өткен ардагер мұғалімдер Гүлжан Қанафина, Татьяна Құспанова, Сәуле Марданова  өткен күндер естелігімен бөлісіп, құттықтау тілектерін арнады.

rmet-trinde--staz-ana1

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT