Құрманғазы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 - жылдығына арналған "Тартуымды еліме арнаймын" эстафета аясында Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінде «30 үздік оқушы» шеруі өтті.
Шараның мақсаты ауданымыздағы дарынды балаларды қолдау. Шара барысында өз мектебін аудан, облыс, республика көлемінде танытуда үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттер марапатталды.