Құрманғазылықтардың саны 57500 адамды құрады

(0 Votes)

2020 жылғы қаңтар-наурызындағы Құрманғазы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.

Демография

Аудандағы халық саны 2020 жылдың 1 наурызға (ағымдағы деректер бойынша) 57353 адамды құрады. 2020 жылғы қаңтар-ақпанда туғандар саны 199 адамды, тіркелген өлім саны 68 адамды құрады. Ауданда 2020 жылғы қаңтар-ақпанда келгендер - 343 адам, кеткендер - 474 адам.

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу

2020 жылғы I тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы 161916 теңгені құрады, бұл 2019 жылғы сәйкес тоқсанға қарағанда 6,2% артық. Ірі және орта кәсіпорындарда 161916 теңгені құрап, 6,2% артты.

Ұлттық экономика

2020 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1404 млн. теңге. 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда индексі 143% құрады.

Сауда

2020 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 2705,3 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 0,1% төмен (салыстырмалы бағада).

Экономиканың нақты секторы

2020 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3054 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,3% артық. 2020 жылғы қаңтар-наурызда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы өнімінің көлемі 1601,1 млн. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 0,7% өсті.

2020 жылдың 1 сәуіріне ауданда барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны 62244 бас, қой мен ешкі 178123 бас, жылқы 23422 бас, түйе 5118 бас құрады. Аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-наурызында шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 2064,3 тонна ет, 1570,5 тонна сүт, 25,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2020 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 5106 шаршы метр, нақты көлем индексі - 192,8%. Тіркелген заңды тұлғалар саны 2020 жылғы 1 сәуірге 292 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 256 бірлікті құрады.

2020 жылғы 1 сәуіріндегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2301 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,4% өскен. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 66,5%, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар –4,9%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 28,6% құрады.

Ж.Мукушева,

Құрманғазы ауданының Статистика басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT